Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қариға құрмет көрсетілді

0 615

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Рамазан айы басталғалы бері күн сайын тарауық намазы Құран Хатым оқыла бастаған болатын. Бұл игі шараға 3 бірдей білікті қари атсалысты.

Қадір түнінде Хатым оқуға атсалысқан қариға арнайы құрмет көрсетілді.

Әлемдік қарилар жарысының жеңімпазы Шохан Уәлиев қариға қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жауып, қаржылай сыйлық берілді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов таң намазынан кейін жамағаттың алдында қариға арнайы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Мешіт жамағаты Шохан бауырымыздың еңбегі үшін рақмет айтып, ақ батасын берді.

Өз кезегінде Шоқан қари мешіт ұжымы мен жамағаттың ықыласына дән ризашылығын жеткізіп, иығына жабылған шапанды ұстаздарының бірі Сансызбай қажы Құрбанұлына кигізіп, сыйластықтың өнегесін көрсетті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.