Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АҚТӨБЕДЕ ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ ҰСТАНУШЫЛАР САНЫ ҚАНША?

0 2  620
Ақтөбеде теріс діни ағымды ұстанушылар саны қанша?
 

Ақтөбе қаласы әкімінің жылдық есеп құжатында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев өңірдегі діни ахуал күрделі мәселе екенін атап көрсеткен. Бұл туралы «Диапазон» ақпарат агенттігі хабарлады.

«Бір жыл бұрын біздің облыста дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар саны 3 мың адам еді. Қазір оның қатары 2141 адам, Ақтөбе қаласында 1 мыңға жуығы тұрады. Теріс ағымға ерген бұл адамдардың қайда жұмыс істейтінін, жұмыстан кейін немен айналысатынын анықтау керек. Бұл полиция мен арнайы құзырлы органдардың ісі. Егер бұл адамдар дұрыс іспен айналысса, әйелдеріне жұмыс тауып береміз, балаларын балабақша мен мектепке қабылдаймыз, көптеген мәселелер шешіледі. Мектепке тұмшаланып баратын кішкентай қыз балалар бар. Олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу керек, бұл ретте қоғамдық ұйымдардың маңызы үлкен» деді облыс әкімі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.