Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Президент ел тұрғындарын құрбан айтпен құттықтады

0 440

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елін күллі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі Құрбан айтпен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – имандылық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен жанашырлықтың мейрамы. Мұсылмандар осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады.         

Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады. Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында. 

Бүгінгі ұлық мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» делінген Президент құттықтауында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.