Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Үлкендердің сөзін тыңдау және сөйлесу әдебі

0 662

Күнделікті өмірде үлкендермен сөйлесу қажеттілігі қашан да туады. Ата-ана, мұғалім, жаттықтырушы және сатушы кісілермен т.б. Үлкендермен сөйлеу қажеттілігі болғаннан кейін оларды тыңдай білген де жөн. Үлкен адамдардың ашуына тиетін әрекет – кішілердің үлкен сөйлеген кезде телефон ойынының қызығына кіріп, олардың сөзін елемеуі.
Сөйлесуге уақыты бар ма екенін нағыз ер жігіт біледі. Ертең емтиханың болатын болса, қысылмай «Кейін сөйлессек бола ма? Ертеңгі емтиханға дайындалып жатыр едім» деп емін-еркін айта аласың. Он рет көріп тастаған фильмді қайта көру барысында үлкендерді тыңдамай қоюдың еш қисыны жоқ.
Үлкен кісілер сені тек қана жұмсай бермейді. Олар саған жақсылық тілегендіктен ақылын айтады, көмек көрсетеді. Үлкендерді тыңдаудың маңыздылығы осында жатыр.
Үлкен адамдар сенімен сөйлескісі келгенде, құлаққабыңды шешіп, ойыныңды тоқтатып, оларды мұқият тыңдап тұрғаныңды көрсет.
Олар сөйлегенде: «Бос емеспін», «Көрмей тұрсың ба, бос емес екенімді?», «Босаған соң барамын» деп айтуың қате.
Үлкендер сөйлегенде істеп жатқан ісіңді тоқтатып үйренгенің жөн. Тым қарбалас болып тұрсаң да, бәрін тоқтатып, саған сөйлеп тұрған адамға көңіл аудара аласың. Мүмкін, ол өте маңызды нәрсе айтпақшы немесе сұрақ қоймақшы. Олардан қандай құрмет көргің келсе, өзің де солай қарым-қатынас жаса.
Ата-анаңмен, аға-әпкеңмен әңгімелесуге уақыт бөл. Шынайы әңгімелесу – сөздерін тыңдау, сұрақтарына жауап беру және сұрақ қою.
Үлкендермен сөйлесу барысында «А?» «не?», «мхм», «аха» сөздерін қолдану қате.
Ата-анаңмен әңгімелесіп, бірге уақыт өткізгеннің бақыт екенін бір күні түсінесің. Ата-анаңды, ата-әжеңді, басқа да үлкендерді жақыннан танып, жастық шақтары туралы естігеніңе қуанышты боласың. Бір-біріңді жақыннан танудың жалғыз жолы – сөйлесу және тыңдау.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.