Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Қарттарым – асыл қазынам» шарасы өтті

0 570

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Әйел-қыздар секторының қасынан құрылған «Аналар» мектебінің ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Қарттарым – асыл қазынам» атты  ізгі шара өтті.

Шараны  мешіт ұстазы Ақбаев Әлішер ұстаз жылы лебізін білдіріп, ашып берді.  «Райса ана» мешітінің ұстазы Бақыт Төлеуқызы «Үлкенге құрмет кішіге ізет» тақырыбында салиқалы уағыз айтты. Дін мен дәстүрді ұштастыру мақсатында мешітімізде ілім алып жүрген ақ жаулықты апаларымызға жамағатымыздың атынан  кимешек сыйланды.

Шара соңында жамағатқа арналған дастарқан жайылып, дәм татылды. Сондай-ақ, мешітте ілім алып жүрген кішкентай қыздарымыз апаларға арнап өлең жолдарын оқыды. Қарт апаларымыз алғыстарын жаудырып, жастарға, мешіт ұжымына ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.