Саид ибн Жубәйр жеткізеді. «Бірде Ибн Аббастан (р.а.): «Мүшріктер сахабаларды өз сенімдерінен тайдыру үшін, қатты қинайтын ба еді?», – деп сұрадым. Ибн Аббас (р.а.): «Иә, қолына түскен мұсылмандарды ұрып, соғып, нәр татырмай аяусыз азаптайтыны соншалық – лажсыздан өздерінің айтқанына көнуге мәжбүр ететін.
Ең сорақысы: «Лат пен Узза да Алла секілді тәңір ғой?» – деп мүшріктер қамшы үйіріп төнгенде, амалсыз «Иә» дейтін. Бұған да айызы қанбай жерде қыбырлап бара жатқан жәндікті нұсқап: «Мынау да сенің тәңірің ғой, солай ма?» – дейтін зіркілдеп. Пақырлар «Иә» деп құтылатын.
Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабаларының һижреттен кейінгі жағдайы
Убәй ибн Кағб (р.а.) былай деген: «Алла расулы мен сахабалары Мәдинаға қоныс аударғанда, ансарлар оларды қамқорлығына алады. Мүшрік арабтар оларға қарсы күш біріктіреді. Мұсылмандар екі шоқып, бір қарап, күні-түні қолдарынан қаруларын тастамайтын. Осынау аласапыран заманда мұсылманэ баласының төзіміне тарих куә. Алладан басқа ешкімнен қорықпаған мұсылмандардың осы кездегі қажырқайратына байланысты мына аят түсті: «Алла араларыңнан иман келтіріп, игі іс істегендерді сөзсіз жарылқайды. Кезінде мүміндерді дүниеде үстем қылғанындай олардың да мерейін үстем етеді, оларға өздері таңдаған Ислам дінінен айырылмайтын күш-қуат береді және қауіп-қатерге толы күндері артта қалады. Әрі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмір орнайды. Өйткені, олар тек Маған ғибадат етіп, еш нәрсені Маған серік етіп қоспайды. Енді осыдан кейін кім күпірлікке салынса, міне, солар жолдан тайып, Аллаға қарсы келген болады» (Нұр, 24/55)258.
Затур-риқа шайқасында Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабаларының көрген қиындықтары
Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге әскери жорыққа шықтық. Алты адамға бір Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Алла жолында шеккен қиындықтары түйені кезектесіп мінуге тура келді. Алты адамның аяқ артарына бір түйеден айналғандықтан, сүрпіл жүрістен менің екі табаным да ойылып, тырнақтарым түсіп қалды. Көмегі шамалы болса да, аяғымызды матамен орап алып, сапарымызды жалғастырдық. Сол себептен де бұл жорық «жамаулылар» деген мағынаны беретін «Затур-риқа» деп аталып кетті»
материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,
sunna.kz