Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алла Тағаланың құлдарындағы ақылары

0 436

Алла Тағаланың құлдарындағы ақылары: Аллаға иман келтіру. Бұл Алланың бар екеніне, тұтас ғаламды жаратушы бір ғана өзі екеніне сену;

Күнə жасағанда тəубеге келу;

Намаз, зекет, ораза жəне қажылық секілді парыздарды орындау;

Жақсылық жасауға ұмтылу, игілікті істер жасауда жарысу. Алланың разылығына бөлену үшін еңбек ету, талмай іздену;

Таршылыққа төзіммен қарап, барға да, жоққа да сабыр ету;

Бізді барлық сəтте Алла тағаланың көріп тұрғанын жəне Оның үнемі жанымызда екенін жүрекпен сезіне білу;

Тақуалық жолында іздену;

Тəуекел ету, Алла Тағалаға сүйену, Оған сенім арту;

Дінде дұрыс бағыт-бағдар ұстану;

Алланы құлай сүю жəне бұл үшін қажеттінің бəрін орындау. Ол үшін пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) үлгі-өнеге алу;

Хауф пен ража, не болмаса Алладан қорқу мен үміттену. Бұл Алланың азабына ұшырамайтынына нық сенімде болмау жəне оның разылығына бөлену үшін үнемі талаптану болып табылады.

материал «Ала жіпті аттама» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.