Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) былай дейді:
Егер Алланың құлының бойын үрей мен уайым жайлағанда ол мына дұғаны оқыса:
«Аллаһумма инни ғабдук, ибну ғабдик, ибну әмәтик, наасиатии бийәдик, маади фиййә хукмук, ғадлун фиййә қадааук. Әсәлукә бикуллисмин һуә ләкә: сәммәйтә биһи нәфсәк, әу әнзәлтәһу фии китәәбик, әу ғәлләмтәһу әхәдән мин халқик, әуистәсәртә биһи фии ғилмил-ғайби ғиндәк ән тәжғәләл-қурәәнә рабииғә қалбии, уә нуура садрии уа хәләә хузнии, уа зәһәәбә һәммии».
Аудармасы:
«О, Алла! Ақиқатында, мен Сенің құлыңмын және сенің құдарың – әкем мен шешемнің ұлымын, менің тұла тағдырымның билігі Сенің қолыңда. Сенің үкімдеріңе бағынамын, менің таңдайыма жазған тағдырың әділетті, Өзің атаған не кітабыңда келтірген немесе Өзіңнің жаратқандарыңның біріне үйреткен, немесе Өзіңнің тілсім біліміңе жасырған есім-сипаттарыңмен Сенен Құранды жүрегімнің жұбанышы, көкірегімнің сәулесі, қайғы-мұңдарымнан арылтушы етудіңді сұраймын».
Міне, осы дұғаны айтқан бойда Алла Тағала оны қайғы-мұңнан арылтып, жүрегіне қуаныш ұялатады (Бұхари).
Қайғы-мұңға батқан кездерінде Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) мынадай да дұға оқыған екен:
«Аллаһуммә иннии әғуузу бикә минәл-һәмми уәл-хазани, уә әғуузу бикә минәл-ғадзи уәл-кәсәли, уә әғуузу бикә минәл-жубни уәл-бухли, уә әғуузу бикә мин ғәләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәәл».
Аудармасы:
«О, Алла! Шын мәнінде, қайғы-мұңға батқан кездерімде мазасыздықтан және еріншектіктен, сараңдықтан және қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан және адамдардың қыспағынан Саған сыйынамын».
“Иман” журналы 2018 жылғы №4 санынан
sunna.kz