Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти индонезия ғұламалар кеңесімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды

0 590

Индонезия астанасы Жакарта қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы елдің Ғұламалар Кеңесі Бас төрағасының міндетін уақытша атқарушы доктор Марсуди Сухуд мырзамен кездесіп, екіжақты әріптестік байланысты арттырудың маңызына тоқталды.

Жакартада болған кездесуде арасында бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Онда ҚМДБ мен Индонезия Ғұламалар кеңесі әлемдегі бейбітшілікті сақтау, Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосу, өзара екіжақты вебинар, конференция, семинар ұйымдастыру қамтылды. Өзара бірлескен мәлімдеме 2023-2026 жылдарды қамтитынын айта кеткен жөн.

Бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру бағдарламасы екіжақты тараппен арнайы келіскен түрде нақтыланады. Екі тарап та ынтымақтастықты арттырып, Ислам дінін әлемге насихаттау, оның ішінде Азия аймағында жаңғыртуға ниетті.

Сондай-ақ мәлімдемеге сәйкес Ғұламалар кеңесінің бірлескен жиынын өткізу, мұсылман ғалымдар, әйелдер мен жастардың пікір алмасуын қамтамасыз ету көзделген. Зерттеулер мен жарияланымдар жасау, студенттерге дәріс беру және Кеңес мүшелерінің тәжірибе алмасуы қарастырылған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.