Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе

0 739

Бүгінгі   таңда   бала   тәрбиесі   өзекті   мәселенің   біріне   айналып   отыр.  Кешегі   кеңес   өкіметі   тұсында   баланы   тәрбиелеудің       басты       қағидасы       партияның       негізгі      ұстанымдары  бойынша  қалыптасса,  бүгінде  ол  келмеске  кетті. Ендігі баланың тәрбиесінің ұстанымы нақтыланбаған мына   қоғамда    бізге    бір    ғана    тәрбиенің    қайнар    көзі   қалғандай. Ол – Ислам тәрбиесі.

Рас,  баланың  тәрбиесі  ешқашан  күн  тәртібінен  түскен  емес.  Бірақ діни  тәрбие  десе,  үрке  қарайтынымыз  бар.

Олай   дейтініміз,   баланы   тәрбиелеу   жай   ғана   мәселе   емес.  Сол  себепті  айтуға  оңай  болғанымен  өмірде  қыруар  қиыншылыққа   толы   мәселенің   бірі.   Dсынылған   еңбекте   тәрбиенің,  оның  ішінде  ислами  тәрбиенің  маңыздылығы  сөз     етілді.     Оның     басты     ұстанымдары     сараланып,     талқыланды. Бұл мәселе жайлы қсиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  хадистері  келтірілді.  Ал,  оны  санаға  сіңдіріп,  саралап қабылдау  оқырманның  үлесінде.

Сондықтан,  баланың  тәрбиесіне  енжар  қарамайтындарға  ұсынылған  Ислами  тәрбиенің  ұстанымдары  кім-кімге  де  салиқалы ой салары сөзсіз.

Баланың   өсіп-жетілуі   ата-анаға   тікелей   байланысты.

Бұл ретте ата-ананың бала алдындағы міндеттері де жүйелі түрде   ұсынылды.   Рас,   ата-анаға   құрмет   көрсету   қажет.   Бірақ, атам қазақта: «Не ексең, соны орасың» деген нақыл бар.  Олай  болса,  өзімізді  құрметтеу  үшін  соны  түсінетін  баланы    тәрбиелеу    біздің    міндетіміз.    Яғни,    баланың    санасына не берсек, келешек соны аламыз.

Баланың  алдындағы  міндетімізді  жақсы  атқара  білсек,  онда  қадір-қасиетті  түсіне  білген  баланың  сый-құрметпен  қайтарымын  берері  анық.  Мұның  басты  белгісі  ибалы  да,  инабатты  жанды  өсіріп  жеткізу.  Еңбекте  ұсынылған  ата-ананың міндеттері осы мәселені қамтиды.

Әрине,  бұл  да  оңай  шаруа  еместігі  белгілі.  Ата-ана  тек  қана  саналы  білім  берумен  шектелмей,  оған  қажетті  материалдық  жағдайларды  да  қарастыруы  тиіс.  Қанаты  кең  ашылған  құстың  барар  жері  де  алыс  болатынындай,  баланың  да  жан-жақты  жетілуі,  оның  келешектен  көп  үміт  күттіретіндігінің бір көрсеткіші.

Баланы  тәрбиелеуде  ата-ана  өзінің  перзентіне  тәрбие  мен  білімді  беру  мүмкіндігін  де  ескеруі  қажет.  Кез  келген  адамның өз дәрежесі өзіне белгілі екендігін ескерсек, онда ұрпақ сұранысы да соған сай болуы тиіс. Мұндайда балаға өзіміз   үлгі   боларлықтай   амал-әрекетімізді,   яғни   әкелік   міндетіміз  бен  аналық  парызымызды  орындай  білу  бірінші  кезекте тұрады. Ал, бұл мәселелерді орындау үшін ата-ана үлгі  болуы  шарт.  Бұл    жоғарыда  келтірген:  «Балам  дейтін  әке  болмаса,  әкем  дейтін  бала  қайдан  болсын?»  дегенді  алға тартады.

Рас,  кез  келген  ата-ана  бүгінде  мұндай  сұраныстарға  жауап  бере  алмасы  анық.  Бірақ,  бұған  жағдай  жоқ  деп  қашан да  ауызды  қу  шөппен  сүртіп,  қол  қусырып  отыру  да жақсы  емес.  Кез  келген  жақылыққа  ұмтылған  дұрыс.  Бұл  дегеніңіз,  өзіңіз  жете  алмағанға  балаңыздың  жететініне  ұмтылу  дегенді  аңғартады.  Міне,  сонда  ғана  еңбегіңіздің  нәтиже бергеніне куә боласыз.

Тоқсан   ауыз   сөзімізді   түйіндей   келгенде,   өскелең   ұрпағымызды  тәрбиелеп,  оған  заман  талабына  сай  білім  беру   кез   келген   ата-ана   алдындағы   міндет.

«Бала тәрбиесі бесіктен басталады» кітабынан алынды

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.