Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бұл жолда аз тер төккен жоқ

0 487

Оқу-ағарту саласында немесе переселен және басқа мемлекеттік басқару жүйесінде қызметте жүрген ұлттық интеллигенция бүкіл отарлау процесін көз алдынан өткізді, ұлттық теңсіздіктің, қанаудың не екенін жақсы білді.

Соның нәтижесінде ол отарлау жүйесінде қызмет етуші интеллигенциядан ұлттық өркендеу мен ұлт-азаттық козғалысты бастаушы күшке айналды. Сондықтан да оның дүниетанымында ұлттық мүдде, бостандык идеясы басым түсіп жатты. Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Сондай-ақ бұл жалғыз қазақ ұлттык интеллигенциясына ғана емес, жалпы барлық отар елдеріне ортақ қоғамдык кұбылыс болатын. Дж. Неру осы тарихи кезеңде ұлтшылдық (национализм) «бүкіл Азия елдерінде үстемдік құрған прогресшіл күш болды» дейді.

Сол сияқты қазақ зиялыларының ұлтшылдығы, кеңестік тарихтану дәлелдеуге тырыскандай, қарабайыр ұлтшылдық емес болатын. Туған халкына деген шексіз махаббат, оның мүддесі үшін күресе білу оларға өз елінің кемшілігіне сын көзбен қарауға кедергі болған емес.

Бұл тұрғыдан алғанда «Қазақ» газеті төңірегіне біріккен топ Абай мектебінің ізбасары, ұлы ойшыл негізін қалаған қоғамдық сынның одан ары жалғастырушысы болды деп айтуға толық негіз бар.

Олардың қазақ коғамы мерездерін ымырасыз сынға алуы тарих туралы ғылыми түсінікке негізделді. Өз халқының жүріп өткен жолын, жиған тәжірибесін сарапқа салу олар үшін қоғамдық мешеуліктің себеп-салдарына көз жеткізу үшін керек еді.

Бұл ретте олар өткен тарихты қызықтаудан, оны әсірелеуден алые болып, керісінше, оған риясыз шындық тұрғысынан дәл баға беруге тырысты. Ә. Бөкейханов: «Пәлен хан-ай! Пәлен би-ай!» деп отырып өкінесіңдер! Бұрынғы хандарың да, бұрынғы билерің де осы күнгі атқа міңдім деп жүрген өздеріңдей еді. Қазақтың бұрынғы басшыларында әділдік-береке болса, бұл қазақ бұл күйде болар ма аді? Жұрттың берекесі кетуге түптеп себеп болған нәрсе қазақта бірліктің жоқтығы. Бірлік жоқтан қазақтын, һәр қайсысын һәр жерде дұшманы ойбайлатқан. Бұрынғы хан болсын, билер болсын, әділдіктен жырақ болған, дәл осы күнгі атқа мінген өздерігідей» дейді.

Ғылыми әдебиетте «Қазақ» газеті төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті көре алмады деген пікір бар.

Бұл шындыққа қайшы қелетін пікір. Олар қазақ қоғамының бір-біріне қарсы тұрған екі таптан, яғни байлар мен кедейларден тұратындығын жақсы түсінді. Сондай-ақ бірде-бір еңбектерінде байлардың мүддесін қорғап сөз айтқан емес. Керісінше, қазақ байларының, дтқамінерлерінің әділетсіздігін, наідандығын қатал сынға алумен болды, сол үщін де олардың қаһарына ілініп отырды. Мәселен, А. Байтұрсынов: «Біздің қазақ байларында Еуропа байларындай мол байлық жоқ, аз байлықпен халінше жомарттық қылатын байлар қазақта аз, жоқтың қасында. Бірінің малы көп болса да, саңылауы жоқ болады» деп жазды.

Ә. Бөкейхаңов қазақ байлары мен атқамінерлерін сынауда А. Байтұрсыновтан кем түскен емес. Ол 1913 жылы жалпықазақ съезінің. күн тәртібіне байланысты: «Баймын, мықтымын деп атқа мінген жақсылар пішен шабатын жэрге, егінжайға, жаз қонысқа, қыс төбінге зорлық қылады. Кемшілікте жүрген бишара сорлы жұрт бұл жақсылардың тепкісінде қор болғанша, орыс беретін он бес десятина болса да не болалық деп, мұжық боламын деп сұранып отыр» деп жазса, ал үкіметке салық төлеу барысында байлар мен атқамінерлер жасайтын зорлыққа байланысты: «Алымды момын кедейге аударып бай болатын мырзалар көзі соқыр емес, көңілі соқырына салып жүр ғой. Жұрттық момынын тонап алып болған байлықта қанша береке бар екен?» деп көрсетті.

Ә. Бөкейханов «Екі жол» деп атаған мақаласында бұрын біз жылаумен, өзіміздің жағдайымызға налумен келдік, енді міне жаңа заман келді, оның белгісі «Тұрмыс жүзінде құлдық исі мүңкіп тұрса да (мысалы, сары түйме көргенде қазақ пен мұжықтардың басты шұлғып, құрдай жорғалайтыны), жазылған закон жүзінде адам баласы кұрдас», «әр заманның өз рәсімі, өз салты бар», ал «біздің замандағы салт: әркім құқыіна таласу, кұкына тартысу», «жылау салты а,ртта калды. Ендігі рәсім кұқы үшін жылау емес, кұкын талас-тартыспен қорғау» деп жазды. Ол қазақ жұртының жаца тарихи кезеңдегі міндетін осылай анықтаған еді. Қазақ зиялыларының ғылыми еңбектерімен, жариялаған түрлі материалдарымен таныса отырып, олардың туған халқының күні өткен дәстүр салтын, ұлттық мінезіндегі мерездерін аяусыз сынға алып, әлемдік өркенниет көшіне ілесу үшін ол кемшіліктермен ымырасыз күреске, келе жатқан жаңа заман талабына сай оқу мен білім, өнер мен мәдениет жолына түсуге шақырғанына көз жеткізу қиын емес. Олардың өздері де бұл жолда аз тер төккен жоқ.

Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» кітабынын

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.