Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ЖҮЗІМ АДАЛ, ШАРАП НЕГЕ ХАРАМ?

0 2  558

Хазіреті Әли бір күні Христиан дініндегі бір үйге қонаққа барады. Христиан адам қонақжайлық танытып, Әли халифаға жүзім ұсынады. Бірге отырып жүзімді жейді. Үй иесі жүзімнен жасалған шарап ұсынады. Хазіреті Әли:

– Шарап ішу харам, – деп жауап берді. Христиан адам таң қалып:

– Мұсылмандарға таң қаламын. Жүзім адал да жүзімнен жасалған шарап харам дейсіңдер. Екеуі де жүзімнен жасалған ғой, – деді. Хазірті Әли үй исесіне қарап:

– Әйелің бар ма?, – деп сұрайды. 

– Бар, – деп жауап береді ол. 

– Қызың бар ма?, – деп сұрайды, Хазіреті Әли.

– Бар, – деп жауап береді ол. 

– Әйелің мен қызыңды осында шақыр, – деп бұйырады. Үй иесі әйелі мен қызын шақыртып алдырады. 

– Мына қыз әйеліңнен пайда болды. Бірақ саған Алла анасын халал қылды да қызын харам қылды, – деді Әли халифа.

Бұл жауапқа таң қалған христиан тілін шаһадатқа келтіріп, Алла бір және Мұхаммет (с.ғ.с) оның құлы әрі елшісі сенде оның халифасысың деп мұсылман болған екен.

SUNNA.KZ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.