Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Оқырмандар клубы бір айлық жұмысын қортындылады

0 541

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бас имамның бастамасымен оқырмандар клубы өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде клуб жұмысы өз арнасын тауып, сәтті жалғасып келеді.

Оқырмандар клубы мешіт жамағатына төл тарихымызды, мәдениетіміз бен дәстүріміз, дұрыс діни құндылықтарымызды насихаттау, жат ағымның алдын алып сауатты жамағат қалыптастыру, ҚМДБ жанындағы «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптарды оқырманға таныстыру мақсатында құрылған.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында құрылға клубта алғашқы айында дәлал-дәйектерімен намаз оқу мәселесіне арналған «Алла Елсішінсің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай) намазының сипаты» атты кітап оқылды.

Жамағаттың діни сауатын көтеру, намаздың дәлел-дәйектерін білу, жат ағымға қарсы рухани иммунитет қалыптастыруды мақсат еткен кітап оқылып бітті. Осыған орай, мешітте кезекті кездесу өтті.

Оқырмандар алғашқы айдың соңғы отырысында кітап мазмұнын талқылады. Мешіттің наиб имамы Серікбол Хаман оқырмандардың кітапқа қатысты көкейлеріндегі сұраққа жауап берді.

Сонымен бірге, клуб мүшелері қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабын бастады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.