Күндердің сұлтаны – қасиетті жұмада Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт жыры оқылып, мыңдаған жамағатпен бірге Пайғамбарымызға салауат айтылды.
Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған шара аясында жамағатқа құрма мен Әз Елші жайындағы ақпараттық парақшалар таратылды.
Елімізге белгілі қари, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов жұма намазына жиылған жамағатқа мәуліт жырын айтып, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін насихаттады. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы арнайы дұғасын жасап, қалың жамағатпен ардақты пайғамбарға салауаттар жолдады.