Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкәрім қажы: Қаза намаз жайлы

0 668

Қазаға қалған намазды жоғарғы айтылған намаз оқымайтұғын үш мезгілден басқа қай кезде оқыса да болады.

Ерте намазды қазаға қалдырса, түске шейін сүннетін оқып қаза қылады. Онан қалса, сүннетін оқымайды. Бесін намазында алғашқы төрт ракағат сүннетті оқыса, имамға ұйый алмай қалатұғын болса, сүннетті қоя тұрып, парызға ұйып, сүннетті артынан оқиды.

Парыздың жартысына жете алатұғын болса да сүннетті мұнда қоя тұрады. Осы айтылған ерте намазы менен бесіннің қаза сүннетінен басқа ешбір сүннет намаз қаза қылынбайды.

Парыз намаздың қазасын жасырын, оңаша жерде оқыған жақсы. Көбінесе ясиғ менен уәтірдің арасында оқиды.

“Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары” ІІ томынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.