Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Республика күніне орай қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

0 503

Республика күніне орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, сый жасады.

Хадистердің бірінде «Тазалық иманның жартысы» делінеді. Шын мәнінде, бұл адамзаттық құндылықтың дәстүріміз бен дінімізде алатын орыны айырықша. Осыған орай, бас имам Руслан Байзақовтың бастамасымен «Астана Тазалық» ЖШС-ның қызметкерлеріне арналған қайырымдылық шарасын өткізді. 

«Адамға алғыс айтпағанның Аллаға шүкірі жоқ» деп аталатын дәстүрлі шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкері Әділ Агитаев, мешіт қызметкерлері мен «Астана Тазалық» ЖШС-ның 10 қызметкері қатысты.

Бас имам қатысушыларды мерекемен құттықтап, тазалықтың дініміз бен дәстүріміздегі орыны туралы тоқталып, қыстың суығы мен жаздың ыстығында қаланың көркеюіне үнсіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарының елеусіз болса да, маңызды, көрнекті жұмысы үшін алғыс білдірді.

Ә.Агитаев тазалықшылықшы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ел үшін істеп жатқан еңбектеріне ризашылық білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына бақ-береке, жұмыстарына табыс тілеп ақ батасын берді.

Тазалықшы қызметкерлерге мешіт дайындаған арнайы мерекелік сыйлық табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.