Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Барлық жаратылыстың жұп-жұп болып жаратылу хикметі

Барлық жаратылыстың жұп-жұп болып жаратылу хикметі

0 72

Құран аяттарында барлық жанды заттардың, өсімдіктердің, барлық тіршілік иелерінің жұп-жұп болып жаратылғаны жайлы айтылады.

 

Сол аяттардың кейбіреуі төмендегідей: «Ол жер бетін сендерге бесік қылды, онда емін-еркін жүріп тұруларың үшін жолдар мен өткелдер төседі, көктен жауын жаудырды. Біз сол сумен жерден түрлі өсімдіктерді жұп-жұбымен шығардық» («Tаhа» сүресі, 53).

«Ол жерді кеңінен жайды және оның ішінен қазықтай қағылған тауларды көтеріп, өзендер ағызды. Ондағы әрбір жемісті жұп-жұбымен жаратты һәм үнемі күндізді түнмен бүркеуде. Міне, осылардың бәрінде ойланатын қауым үшін сөзсіз көптеген белгілер мен дәлелдер бар» («Рағыд» сүресі, 3)

«Жаратылыс атаулыны жұп-жұбымен жаратқан және сендер үшін мініс көлік ретінде кемелер мен жануарларды жаратқан да бір Өзі» («Зуһруф» сүресі, 12)

Өсімдіктер мен жануарлар әлемінде осы жұптық элементтердің бар екенін жиі қайталайтын Құран бұл ұғымды нақты шекарасыз өте жалпылай қарастырады. Келесі аяттан осының мысалын көре аламыз: «Жерден өсіп шығатын өсімдік атаулының барлығын, олардың (адамдардың) өздерін және олар білмейтін тағы қаншама жаратылысты жұп қылып жаратқан Алла мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!» («Иәсин» сүресі, 36)

Бұл аяттарда бүкіл болмыс әлемін қамтитын «қос жаратылыс» айтылып, «зәуж», «зәужәйн» және «әзуәж» сөздері осы қос жаратылысты білдіру үшін үнемі қолданылады. Алдымен мына сөздердің мағынасына тоқталайық: «Зәуж» сөзі тура мағынасында «бір нәрсені басқа нәрсеге жақындату» дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз еркек әйелдің күйеуі, ал әйел еркектің әйелі болып табылады. Зәуж сөзінің негізгі мағынасы осы. «Әзуәж» – бұл сөз «күйеу», «әйел» немесе «қарама-қарсы» мағыналарына келеді.

Ибн Сайидиһ бұл терминге «күйеуі», «әйелі», «туысы» «жұбайы» немесе «жұбы бар жеке адам» деген түсіндірме берген.

Бұл сөзде «иснан» яғни «екі» деген мағына да бар. Бұл сөз арқылы олар еркек пен әйелден басқа оң-сол, ақ-қара, тәтті-ащы сияқты қарама-қайшы мағынадағы сөздерді де айтады.

Құранда: «Еркек пен ұрғашыны жұп қылып жаратқан да – бір Өзі. (Ана) жатырына ытқыған бірнеше тамшы сұйықтықтан («Нәжм» сүресі, 45-46) делінген. Осы аят мәтініндегі «зәужәйн» тіркесі кез келген бір адамның еркек пен әйелі деген мағынаға ие. «Сондай-ақ ойланып сабақ аларсыңдар деп, барлық нәрсені жұп-жұбымен жараттық («Зәрият» сүресі, 49). Бұл жерде әр

нәрсенің жұппен жаратылғаны баяндалып тұр. Осы аятты тәпсірлеген ғалымдар «жұппен жараттық» деген сөз тек адамдарға қатысты емес, көк пен жерге, жаз бен қысқа, түн мен күнге, рахат пен азапқа, сауап пен күнәға да қатысты айтылғандығын алға тартады.

Елмалылы Хамды Языр болса, бұл аятта қолданылған сөздердің әрбір адамды қамтитынын (истиғрақ), сол үшін бұл жерде әрбір нәрсенің әфақи (әлемдік) және әнфуси (адам өзіндегі),

немесе сыртқы және санаға тән болып келетін екі жағдайын білдіретін және тән мен жанның арасында жұптық бір байланыстан туған түсіну, қорыту мәселесіне де бір ишарат екенін айтады. Шынында да әрбір нәрсе бізге нәпсінің тысындағы көрінісін айтып тұратын бір бірігу, қабаттасу арқылы көрінеді және ақиқат бұл екі көріністің екінші бөлігімен қабаттасуынан білінеді. Қандай да бір нәрседен туындаған әрбір сезімде бұл екі нәрсе міндетті түрде қызмет атқарады. Бұл екеуінде бірікпесе еш нәрсені растау мүмкін емес. Сол себепті «жұптық», «сыңарласудағы» мақсат тек қана сыртқы нәрселердегі әртүрлілік пен жұптық емес, сыртқы және санадағы жұптар мен әртүрілікті қамтиды.

Жоғарыда кейбір аяттарда болмыстың жұп болып жаратылғаны айтылғанын, ал «Иәсин» сүресінің 36-аятында осылардың барлығын біріктіріп, жалпы мағынада қарастырылғанын атап өттік. Енді бұл мәселені мына бір аятпен аша түсуді жөн көрдік. Ең алдымен, аят «субхан» сөзімен басталады. Алла Тағала бұл сөзімен Өзіне тең келетін ешкімнің жоқтығын, Өзінің жалғыз екенін, барлық кемшіліктерден пәк екенін білдіреді. Ол барлық жаратылыс жұп-жұп болып жаратылып, тек қана Жараушының жалғыз екенін осы Құдіретімен тағы бір дәлелдеген.

Құранда бізге белгілі немесе беймәлім жаратылыстардың жұп болып жаратылғаны анық айтылған. Осы мәселелер төңірегінде зерттеу жүргізетін ғылымдар да бұл қос жаратылыс кіші-үлкен болмыстардың барлығында көрініс береді деген ғылыми қорытындыға келеді. Сондықтан Құран мен ғылым ешқашан бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бір-бірін растайды деп айта аламыз. Құран ғылыми зерттеулерге нұр құйып, көкжиегін ашады. Бір-бірін толықтыра түседі.

материал «Құрандағы технологияға қатысты ишаралар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.