Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти медресе шәкірттеріне дәріс оқыды (фото)

Бас мүфти медресе шәкірттеріне дәріс оқыды (фото)

0 19

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Астана» медресе-колледжінің шәкірттеріне арнайы дәріс оқыды.

«Иманнан – ихсанға» тақырыбында дәріс оқыған Бас мүфти Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) мен ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арасындағы иман, ислам және ихсан жайлы хадисті мысал келтіріп, одан алынатын пайда жөнінде тоқталды. Сондай-ақ ихсан ұғымын кеңінен түсіндірді.

«Иманға қатысты – ақида ілімі бар.  Ал ихсан – ол өзімізді кемелдікке тәрбиелеу. Оны «тәзкия», «ахлақ ілімі», «ихсан ілімі», «тасауф ілімі» деп түрлі атаулармен атаған. Қазақ даласында «сопылық» ілімі деп аталған. Сопылық біздің қазақ даласында болғанына еш күмән жоқ. Бірақ қазір кейбір жастарымыз сопылық деген атауды естісе үрке қарайтын дәрежеге жетті. Сопылық десе болды бір адасқан ағымдарды елестетін болды. Әрине, бұл қате түсінік. Мысалы, ақида деген ілім бар. Тарихта ақида мәселесінде адасқан түрлі топтар болған. Бірақ бұл ақида ілімін жоққа шығаруға негіз емес. Дұрыс ақиданы ешкім жоққа шығара алмайды. Сол сияқты сопылық мәселесінде адасып, қателікке түскен түрлі топтар болды. Әлі де бар. Бірақ бұл сопылықты жоққа шығаруға негіз емес.

Қасиетті Құранда тәрбиеге қатысты ілім «тәзкия» деп аталған. Кейіннен тасауф делінді. Мәселе оның атауында емес. Ол ілімнің үйрететін негізінде» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.

Медресе-колледж директоры Бақтыбай Бейсенбаев және қатысқан шәкірттер Бас мүфтиге тағылымды дәрісі үшін ризашылығын білдірді. ҚМДБ Төрағасы болашақ имамдар мен исламтанушыларға ілім жолында жеңілдік пен сәттілік тілеп, батасын берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.