Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Намаздан кейін зікір айтудың маңызы

Намаздан кейін зікір айтудың маңызы

0 177

Ибн Аббастың (р.а.) азат етілген құлы Әбу Мағбад (р.а.) айтты: «Маған ибн Аббас (р.а.) былай деген еді: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінде адамдар парыз намаздан кейін дауыстап зікір айтатын еді, мен оны жақсы есіме сақтап қалғанмын»,- деді.

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазды бітіргенін тәкбір айтқанынан білетінмін»,- деді. (Намаздан соң. «Сұбхан алла, әлхамдулилла, Аллаһу акбар»,- деп зікір айту).

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті. «Пақырлар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанына келіп: «Жәннаттың ең жақсы жерлері де, дүниенің ең жақсы нығметтері де байларға тиеді, ал біз қандай намаз оқып, ораза тұтсақ, олар да сондай намаз оқып, ораза тұтады ғой»,- десті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға айтты: «Сендерге байлар жеткен мәртебеден де артығырақ мәртебеге жеткізетін бір нәрсені үйретейін бе? Егер (менің айтқандарымды қылсаңдар), сендерден жақсырақ адам болмайды, сендер жеткен мәртебеге ешкім жете алмайды. Құлақ салындар, әрбір парыз намаздан соң «Сұбхан алла, әлхамдулиллаһ және Аллаһу акбар»,- деп отыз үш мәртеден айтасыңдар»,- деді. Сонда біз: «Субханалла 33-рет, Әлхамдулилла 33-рет, және Аллаһу акбар 34-рет деп өзара тартысып қалдық. Кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына кірдік. Сонда: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сұбхан алла, әлхамдулилла мен Аллаһу акбарды 33-реттен айтасындар»,- деп айтты»,- деді Әбу Хурайра (р.а.).

Муғира ибн Шуғбаның хат жазушысы Уаррад (р.а.) риуаят етті: «Муғира Муғауйяға арнап былай деп хат жазды: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрбір парыз намаздан соң «Лә иләһа илла аллаһу уәхдаху лә шарика ләһу, ләһул мүлкү уә ләһул хамд уа һуа ғала күлли шайин қадир. Аллаһумма лә маниға лима ағтайта уә лә муғтиа лима манағта уә ләтянфағу зәл-жадди минка-л-жадду»,- деп айтатын»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.