Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нәпсіні тәрбиелеу ісінде мына ережені ұмытпаңыз

Нәпсіні тәрбиелеу ісінде мына ережені ұмытпаңыз

0 110

Нәпсі өзіне қарсы жасалған күрестен өлмейді, тек, бақылауға алынады. Негізгі мақсат нәпсіні жоққа шығару емес, оны шектен шығушылықтан сақтандырып, тәбеттерімен қатар бейімділіктерін де иләһи ризалыққа сай шарттармен шектеп, тәрбиелей білу. Бұл жайында Имам Ғаззали адамды атты әскерге балап: «Нәпсі – рухтың көлігі. Егер адам нәпсінің тізгінін жіберіп, оны өз бетінше қоя берсе, соңы өкініш болады. Кейбір Үнді діндерінде және мистикалық философиялардағы сияқты егер оны өлтіруге тырыса, онда ақиқат жолында көліксіз қалады. Олай болса, нәпсіңнің тізгінін қолыңда ұста да көлігіңнен пайдалан!»- дейді.

Нәпсіні тәрбиелеу ісінде бұл ережеге сүйену негізінде, пайғамбарлық дәстүрге бағыну деген сөз. Өйткені, Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ішіп – жеуден, тіпті үйленуден бас тартып, өздерін тек Аллаға құлшылыққа атамақ болғандарға бөгет болып, Исламда мұндай тежеу мен бас тартудың болмғандығын, ең маңыздысы тіршілікте және қоғам ортасында бола тұра рухани жетілу керектігін айтып, мұның жолын көрсеткен.

Екінші жағынан ауыр күрес болған бұл тәрбие кезінде мұсылман нәпсінің ахуалы мен мәртебелерінде кейбір қиыншылықтарға жолығады. Нәпсінің ең үлкен пәлекетінің бірі – осындай қиыншылықтарды басынан өткізіп, біртіндеп өскен кезде өзін елеулі көріп, биік дәрежелі сезініп, менмендікке ұрыну.

Бұл болса, жасырын тәкәппарлық әрі менмендік деген сөз. Нәпсімен күрес кезінде азғана бір босаңдық пен немқұрайдылық болса, ол дереу бұрынғы жағдайына қайта түсіп алады. Өйткені,
ол үнемі иесін аңдумен болғандықтан, жамандығынан ешқашан ұзақ болмайды.

Сол себеппен әрбір мүмин өз бойындағы бұл қауіпті әсер етушінің (нәпсі) рухани өмірі үшін тигізер зиянына қарсы үнемі сергек болуды өздеріне қажет деп біледі. Нәпсінің қиқарлығына таза ой және уахимен тәрбиеленген бостандықпен қарсы тұрып, оны бақылауға алу керек.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.