Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Түркі елдері ғалымдары Бішкекте пәтуа мәселелерін талқылады

Түркі елдері ғалымдары Бішкекте пәтуа мәселелерін талқылады

0 41

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Бас мүфтилер алқасының жанындағы Пәтуа кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.


Алқалы жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінен келген бірқатар ғалымдар мен дін мамандары қатысты. Күн тәртібінде аталған мемлекеттерге ортақ діни мәселелер бойынша пәтуалар мен қарарлар талқыланып, ортақ шешімдер қаралды.

Жиында дәстүрлі діни ұстанымдарды насихаттау, халықтың діни бірлігін нығайту, жастардың діни сауатын арттыру, сондай-ақ діни алауыздыққа жол бермеу бағытындағы бірлескен шаралар пысықталды.

Айта кетейік, ертең, 11 қыркүйек күні Түркі мемлекеттері ұйымы Бас мүфтилер алқасының кезекті VI мәжілісі өтпек. Онда түркі дүниесінің діни саладағы ынтымақтастығын арттыруға қатысты маңызды тақырыптар қаралады.











Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.