Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақтөбеде «Munara tv» телеарнасының филиалы ашылды

0 583

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «MUNARA TV» телеарнасының осы өңірдегі филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

«Өздеріңізге белгілі, мүфтияттың төл телеарнасы «MUNARA TV» арнасы бүгінде халыққа рухани телеөнімдерді ұсынып, ғибратты бағдарламаларды көрсетуде. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Ақтөбе қаласынан филиалын ашып отырмыз. Бұл бөлімшеде әзірленген тележобалар халқымыздың рухани өміріне оң ықпал етеді деген сенімдемін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти студия жұмысымен танысып, ұжым қызметіне сәттілік тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.