Табиғин Ато ибн Аби Рабахпен алғаш кездескенде Ато айтты: – Қайдан боласың?
– Куфадан
– Діндерін түрлі топқа бөлген ауылдан ба?
– Иә
– Сен қай топтансың?
– Алғашқы ізгілерді(алғашқы үш ғасырда өмір сүрген мұсылмандар) сөкпейтін, тағдырға сенетін және күнә жасаған адамды кәпір демейтіндерденмін.
– Хақты таныдың! Осы жолда берік бол! – деді Ато ибн Аби Рабах,
Алла екеуіне де разы болсын! Ғалымдар осылай даналықпен, қысқа-нұсқа көп нәрсені меңзейтін әрі қамтитын жауаппен жауап береді. Біз болсақ ана жерде әңгіме айтып кетуші ме едік…
материал Олжас Ханафиннің «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,
sunna.kz