Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нұр-Мүбаракта жаңа оқу жылы жаңа серпінмен басталды

0 1  938
Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің басшылығы шәкірттер мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі.
Проректор, профессор Шамшәдин Керім: Биылғы түскен шәкірттерге ең басты мәселе тәртіп пен білім екенін арнайы ескертеміз. Егер ақылы бөлімде оқып жатсаңыз, білім грантын иелену үшін осы екі талап: білім мен тәртіп арқылы қол жеткізе аласыз. Сол сияқты мемлекеттік білім грантының иегері екі жақты кемшін түсіп жатса, онда озық шәкірттерге орын беруіне тура келеді. Сондай-ақ, министрлік тарапынан бөлінген мемлекеттік гранттан өзге, шәкірттерге облыс әкімдерінің гранттары тұрақты қолдау көрсетуде. Сондықтан жаңа оқу жылы алдында шәкірттерге де, ұстаздарға да тек сәттілік тілейміз!”-деді.

Ал ректор кеңесшісі хазірет Ержан қажы Малғажыұлы шәкірттерге білім алудың артықшылығы мен ғалымдардың тиімді тәсілдері жайлы да насихат айтып өтті. Мысырлық араб ұстаздардың атынан сөз сөйлеген ғылым докторы Мұхаммед Хаттаб: «Шынайы білім иесі болғыңыз келсе, ұйқыны азайтып, білімге көңіл бөліңіз, жаттағыңыз келгенді жаза баріңіз,-деп ғұлама ғалымдардың тәжірибесіне де тоқталып өтті.

Жаңа оқу жылына сәттілік тілеген басшылардан кейін Оқу, Тәрбие бөлімдерінің басшылары жаңа шәкірттерге  университет тәртібімен таныстырды. Талаптар мен қажеттіліктерге тоқталды. Ең әуелі тәртіп пен білімге деген талпыныс екенін тағы да шегелеп өтті. 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.