Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ШҚО: Баспана табыс етілді

0 199

«Зекет және қайырымдылық» қоры ШҚО өкілдігінің ұйтқы болуымен Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында тұратын мұқтаж отбасыға баспана берілді.

«Ел үлесі – пәтерге» жобасының 583-баспана кілтін қордың ШҚО-дағы өкілі Берік Кәдірұлы табыс етті.

«Бұл баспана жанашыр азаматтардың зекетінің негізінде салынып берілді. Мұқтаждарды қуанту, жақсылық жасау – Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ардақтаған ең бір сауапты істерінің бірі. Отбасы үшін баспананың орны ерекше. Біз әрдайым мұқтаждарға қол ұшын беру бағытында нақты іспен айналысудамыз» деді Берік Кәдірұлы.

Баспана иесі де өз кезегінде жанашыр азаматтарға алғыс айтып, ризашылығын жеткізді. Ал жаңа пәтерге әжелер шашу шашып, қариялар үй иелеріне ақ батасын берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.