Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы!

0 2  174

Мәуліт – ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген сәттегі ғажайыптарын, балалық және астық шағындағы ерекшеліктерін, пайғамбарлық міндетінен алдыңғы өнегелі істерін, жеке тұлғасының қадір-қасиеті мен мінез-құлқын және тағы барсқа қасиеттерін насихаттайтын дастанға берілген атау. Әз-пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) өмірбаянын жырлайтын мәуліт астанының көптеген түрі кездеседі. Алайда, осы күнге дейін мәуліт өз ана тілімізған аударылмаған.

Мәуліт жырын алғаш болып арабшадан қазақ тіліне тәржімалаған менің әкем, белгілі дін қайраткері, ғұлама Сәдуақас (Сәкен қәлпе) Ғылмани (1890-1972).

Сәкен қәлпе жиырма жылдай Қазақстан қазиі қызметін атқарды. Әкем алғаш діни қызметін Ақмола қаласындағы орталық мешіттің бас имамы болып бастаған. Қазір сол мешітке ҚМДБ-ның шешімімен, арқаның атақты ғұламасының қазақ еліне сіңірген еңбегін ескеріп «Сәдуақас қажы Ғылмани» аты берілді.

Сәдуақас Ғылманидың қазақ тіліндегі мәуліт қолжазбасы 1949 жылы 6 желтоқсанда жазылды.

Бұл қол жазбаға биыл 70 жыл толды. Совет дәуірінің дінге қысым етіп тұрған шақта қолжазбаны баспаға беріп, көпшілік оқырман қолына тапсыру мүмкін емес-тін.

Еліміз егемендігшін алып, дініміз кеңінен насихатталып отырған бұл күні Сәкен қәлпенің қазақша мәуліт кітабын сіздерге ұсынып отырмыз.

Мәуліттің мән-мағынасы өте терең әрі маңызды. Мәуліт дастаны Мұххамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ғұмырын үйренуде, жас ұрпаққа діни тәлім берудегі ең тиімді және оңай әдісі болып табылады.

Үкіжан (Мүминә) қажы Сәдуақасқызы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.