Түрік ғалымдары дене температурасы негізінде қатерлі ісікті анықтайтың жаңа технология ойлап тапты.
Ісікті анықтауда маммография мен ультрасонография секілді әдістерге теңестірілген бұл технология АҚШ-та патенттеліп, медицина әдебиеті тізіміне енген.
Таяу Шығыс техникалық университетінің Электротехника және электроника кафедрасының профессоры Невзат Генчердің айтуынша, инфрақызыл камералары көмегімен әзірлегенін жаңа технология әуелі адам денесі температурасын анықтап, осыдан кейін ондағы ісікке шалдыққан ұлпаларды ертерек табуға мүмкіндік береді. Ғалым әсіресе сүт безі ісігі диагностикасында жаңа технология 3 куб миллиметр өлшемде, тіпті 3 сантиметр тереңдіктегі зақымданған жасушаны анықтай алатынын айтады.
«Қазіргі медицинада кішкентай көлемді терең ісік жасушаларын анықтауда қиындықтар бар. Біз осы мәселені шешетін керемет технологияны жасадық» дейді профессор. Ол сондай-ақ, инфрақызыл камералардың көмегімен әрі жаңа технологиялар арқылы жасалған әдіс қазіргі заманғы ультрадыбыстық зерттеулер мен маммографияға ұқсас екенін атап өтті.