ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында “қаңтар-наурыз, 2019” оқу легінде оқып жатқан имамдармен Рәтбек қажы Нысанбайұлы кездесті. Рәтбек қажы Нысанбайұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі, дін жолында халқымызға зор еңбегі сіңген тұлғалардың бірі.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы өз сөзінде Қазақстанға исламның келуін төрт кезеңге бөліп, жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, тарихқа тоқталып, кейбір мәселелерді ахлақ, фиқһ арқылы түсіндіріп кетті.
Кездесудің басым бөлігі сұрақ-жауаппен өтті. Имамдар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында Рәтбек қажы Нысанбайұлы халқымыздың ынтымағы мен бірлігін тілеп, имамдарға білімнің адамға әрбір секунд сайын керек екенін айтып, ақ батасын берді. Имамдар да ислам ғұламаларының қатарынан орын алған Рәтбек қажыға ізгі тілектерін білдіріп, осы жиынды ұйымдастырған институт директоры, Рәтбек қажының алғашқы шәкірттерінің бірі Кенжеәлі Қоңыратбайұлына алғыстарын білдірді.
muftyat.kz