Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында шәкірттер ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин, белгілі ақын, «Шалқар» радиосының директоры Қалқаман Сарин бастаған бастаған ел ағаларымен жүздесіп, насихатына қанықты. Жас түлектерге өмірлік тәжірибелерін айтып, ақыл-кеңестерімен бөліскен ел ағалары үлкен өмірдің алғашқы сынағынан сүрінбей өтіп, білім көгінде еркін самғауларына сәттілік тілеп, ақ тілек-баталарымен қуаттандырды.
Шара аясында алтын ұя мектебін артқа қалдырып, сынағы мол кезең алдында тұрған түлектерге рухани қолдау көрсетіп, қиындыққа қарсы тұрып, сәтсіздіктер мен қателіктерге күйреп түспей, сабырлыққа үйрету мақсатында түлектерге арнайы бүктемелер таратылды.