Кенеттен пайда болған ой болса, онда оған айып жоқ. Бірақ жүрегіңмен басқа бауырыңды көреалмаушылықпен немесе жек көрушілікпен, арам пиғылмен жаман ойлап күмән келтіргенің дінімізде құпталмайтын іс. Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:
Күмәнсіз, Алла Тағала кімнің қандай екенін, жария мен жасырын болғанды Білуші. Ол (Алла Тағала) біздің не ойлап, не қалайтынымыздан толық хабардар. Өзге мұсылман бауырың туралы жаман ойлауың шайтаннан екендігін түсіну қажет. Ал, шайтан өтірікшілердің, бұзақылардың ең жаманы.
Мұсылман адам өтірікшілерге, бұзақыларға ермеу керек, айтқанына сенбеу тиіс. Бұл туралы Құран Кәрімде:
Қашан саған өзге бауырың туралы жаман ой келе бастаса, ондай ой шайтаннан екендігін біл. Оның қателіктері мен кемшіліктері үшін оны айыптап, кінарат тағудан бұрын, оны ақтап алатын себептердің барлығын қарастырып шық. Өйткені, егер кінарат тағып, айыптасаң, сол мұсылман бауырыңмен араларыңдағы қарым-қатынасың, бауырмашылығың мен жанашырлығың алдыңғыдай бола қоймайды. Шайтанға да керегі де осы. Ал, себеп іздеп, оны ақтап шығарсаң, онда екеуара сыйластық, достық, құрмет одан әрі беки түседі. Мұсылман бауырың туралы күмәнданып, ол туралы жаман ойлау, күнәнің үстіне күнә арқалауға апарып соғады. Өйткені, күмән келтіріп, жаман ой ойлаған адам өзінің ойлағанын растау үшін әлгі бауырының соңынан аңдып, тексеріп-тіміскілей бастайды.
«Хужурат» сүресінің 12-аятында Алла Тағала:
Омар мұсылмандардың әміршісі болған кезде, кеш батқанда Абдулла ибн Мәсғуд екеуі серуендеп жүріп келе жатқанда, кенеттен бір үйден біреудің ән айтып жатқанын естіп қалады. Үйге жақындап барып сәл ғана ашық тұрған есіктен бір күң әйелдің ән салып, ал қожайыны сол әнге тербеліп шарап ішіп отырғанын байқайды. Көрген нәрсеге қатты ашуланған мұсылмандардың әміршісі Омар үйдің артқы есігінен кіріп келіп әлгі кісіге істеген ісінің дұрыс емес екендігін айта бастайды. Сонда әлгі кісі Омар Халифаға Алла Тағаланың «Хужурат» сүресінде айтқан сөздерін оқып беріп, Халифаның өзіне қатысты күмән келтіргеніне және сыр тексеріп аңдығандығына шағымданған еді.
Осылайша мұсылмандарың әміршісі одан кешірім сұрап, өзінің істеген ісіне қатысты «Алла кешірмесе не болады?» деп өкінген халде үйден шығып кетеді. Қорыта айтқанда, мұсылман адам өзге мұсылман бауыры туралы әр кезде дұрыс пікірде, жақсы ойда болу қажет. Күмән келтіріп жаман ой ойлаудан, ғайбат айтудан, сыр тексеріп аңдудан барынша сақ болған жөн.
Берікбол ЖАНАҚ