Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

“Иманғали” мешіті байқау жариялады

0 1  113

27 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ-ның Атырау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Хакім Абайдың қара сөздерін жатқа оқудан ерікті жастар арасында облыстық сайыс өтеді, деп хабарлайды өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Сайысқа 12-35 жас аралығындағы Атырау облысының кез-келген тұрғыны қатыса алады.

Үміткерлерді тіркеу және іріктеу 4.02.2020 – 9.03.2020 аралығында өтеді.

Қатысушылардың саны шектеулі, яғни 30 үміткер ғана қатыса  алады.

Бас жүлде – Кіші қажылық (Ұмра)

І орын – 150 000 тг
ІІ орын – 100 000 тг
III орын – 50 000 тг

Ынталандыру сыйлығы – 20 000 тг (үшеу)

Әрбір қатысушы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін уақыты: наурыз айы, 2020 жыл.

Нақты күні қосымша хабарланады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.