Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елшілер Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады

0 623

10 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Юсуф Абделғани және Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі елшісі Дәулет Ембердиев ҚМДБ-ның жаңадан сайланған төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атына құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz сайты. 

«Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Алланың сізге сәлеметі мен рақымы жаусын! Сіздің ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти қызметіне тағайындалуыңызға орай жолдаған құттықтауым мен жүрекжарды тілегімді қабыл алуыңызды сұраймын. Сіздің аса жауапты да қайырымды қызметіңіз бен игі бастамаларыңызға мол табыс, ал бауырлас Қазақ халқына ырыс пен құт береке тілеймін!» дей келе Иордания елшісі Юсуф Абделғани екі ел арасындағы достық байланыстың одан әрі дамуына тілекші боалтынан атап өтті.

Ал Қазақстанның Кувейттегі елшісі Дәулет Ембердиев: «Құрметті Наурызбай қажы! Сізді Діни басқарманың Төрағасы, Бас мүфти болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің тұрғындарының басым көпшілігі ұйыған қасиетті дінімізді нығайтуға, мұсылмандардың арасында дәстүрлі ислами құндылықтарды одан әрі бекітуге бағытталған жауапты қызметіңізде жаңа табыстарға, биік абыройға жете беруіңізге тілектеспін» деп ақжарма тілегін жолдады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.