Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғылмани мұражайында ашық есік күні өтті (ВИДЕО+ФОТО)

0 1  562

14 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қасиетті жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанындағы Ғылмани мұражайында әйел-қыздарға арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанындағы Ғылмани мұражайын елордамыздағы руханият тарихындағы маңызды нысандардың бірі деуге болады. Онда халқымыздың өткен ғасырдағы діни өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған.

Көрнекті  дін қайраткері, Кеңес үкіметінің тұсындағы Қазақстан қазиятының қазиы, Арқа өңіріндегі дін ғұламасы Сәдуақас қажы Ғылманидың 130 жылдық мерей тойына орай өткізілген ашық есік күніне мешіт жанындағы Әйелдер-қыздар секторы мен Аналар мектебінің шәкірттері келді.

Мұражайға келушілерге орталықтың жауапты қызметкері, тарихшы Бақытхан Солтанбай келушілерге мұражайдың тыныс-тіршілігімен таныстырып, жәдігерлер жайында баяндап, халқымыздың өткен өмірінен сыр шертетін әрбір экспонат туралы тұшымды түсінік берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.