Байменов Рахматулла Оразулы
«Сәдуақас қажы Ғылмани» атындағы мешіттің наиб имамы.
1973 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі:
1990-1991 ж.ж. Шымкент қ.«Қошқар Ата» мешітінде сауат ашу курсы;
1991-1993 ж.ж. Ташкент қ. «Имам Бухари» институты;
1994-1996 ж.ж. Алматы қ. ҚМДБ жанындағы Ислам институты;
2002 -2007 ж.ж. Көкшетау қ. А.Мырзахметов атындағы университет, Құқықтану факультеті (бакалавр);
2005 ж. Стамбул қаласы, «Хасеки Султан» жоғары мектебі;
2016-3018 ж.ж. Алматы қ. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Исламтану факультеті Дінтану мамандығы «бакалаврлық» білім алған.
Еңбек жолы:
1993 – 1994 ж.ж. Мақтарал ауд. Алғабас ауылы, №6 орта мектеп, Араб графикасы және тілі пәні мұғалімі қызметін атқарған.
1996 – 1999 ж.ж. Көкшетау қ. «Ғалым» атындағы мешіттің бас имамы, ҚМДБ-ның Көкшетау өнірі бойынша өкілі имамы;
1999 – 2009ж. ж. ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы , Көкшетау қаласындағы «Науан Хазірет» атындағы мешіттің бас имамы;
2010 – 2012 ж.ж. Астана қ. «Төлебай» мешітінің наиб имамы;
2013 -2018 ж.ж. Көкшетау қ. Ақмола облыстық «Науан Хазірет» атындағы мешіттің наиб имамы қызметтерін атқарған.
2018 ж. бері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» атындағы мешіттің наиб имамы.
Үйленген, 5 баласы бар.