Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти бастаған делегация Өзбекстанға келді (ФОТО)

0 800

2 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Ташкент қаласына келді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Делегация құрамында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Шоқанов, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов бар.

Екі күндік ресми сапар жоспарына сәйкес, бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Самарқан қаласында Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Темирхон уғли Самарқандиймен кездесіп, екіжақты келіссөз жүргізеді. Ертең қазақстандық делегация Самарқан қаласында басталатын халықаралық конференцияға қатысады. Сонымен қатар жергілікті діни оқу орындарының жұмысымен танысады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.