Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мемлекет пен дін қарым-қатынасын реттеудің әлемдік үлгілерінің тарихы (1)

0 525

Дін – жер бетінде адамзат жаратылысымен бірге өмір сүріп келе жатқан рухани құндылық. Ақида ілімі бойынша Адам Атадан бері бар илаһи сенім жүйесі. Адамзат тарихына көз жүгіртсек, діни сенімдердің әрдайым болғанын, келешекте де болатынына аңғарамыз.

Бұл жөнінде белгілі философ Һенри Бергсон: «Өткен тарихымызда және дәуірімізде ғылымды, пәнді яғни философияны білмейтін қоғамдарды кездестіре аламыз. Алайда,  діни сенімсіз ешқашан қоғам болмақ емес» деп айтқан. Оның осы пікірін келесі бір Еуропалық ойшыл Уильямс Жеймс: «Біздің пайымдауымызша адамзат қиямет-күнге шейін ғибадатын жалғастырмақ» деп құптайды. Бартемели Сейнт Хилаир діни сенімнің ортаға шығуы туралы: «Білім дегеніміз не? Адам деген кім? Олар қайдан келген? Бұларды кім жаратқан? Ақыры қалай болады? Өмір дегеніміз не? Жан тапсыру деген не нәрсе? Жантәсілім еткен соң не болады? Кез-келген ұлт, өркениет пен діни қауымдастық осы сауалдарға өзіндік тұрғыдан оң-теріс, әртүрлі жауаптар айтқан. Мінеки, дінді ұстану деген осындай» [1, б. 88] деген.

Дін илаһи сенімдік жүйе болғанымен, тарихтың әр дәуірінде адамдар өз пікірлерін дінге таңып, содан илаһи және адами синтезден әртүрлі сенім жүйелері де пайда болып отырған. Осыған байланысты, теология ілімі дінді екі категорияға бөліп қарастырады:

1)            Құдайдан келген діндер;

2)            Адамдар шығарған сенімдер.

Құдайдан келген діндерді елшілер мен нәбилер әкелген. Ад, адамдар шығарған сенімдер деп пенделердің дарақтарға, планетаға, жабайы жануарларға, өзен-көлге, тау-жоталарға сиынуын айтамыз. Бұл жөнінде белгілі дінтанушы М.Бұлұтай: «Нақ Бір Құдай түсінігіне иек арту, әлбетте кімде-кім үшін жеңіл болмайтыны белгілі. Себебі, пенде баласы көбінде нақ көзбен көретін, материалдық құдайларға илануға құштар. Материалдық заттардан бас тартып, шегі жоқ, бүкіл болмыстың құдірет иесі Құдай түсінігіне қол жеткізу үшін адам баласының ұзақ зерттеп, көз жүгіртіп, терең ойлануы керек. Осы себептен де, тарих қатпарында орын алған діни-сенімдерге біз айтқан концепцияны негізге алып қарағанымыз жөн» [1, б. 89] – дейді.

Қазақ тілінің сөздік қорындағы дін сөзі араб тілінен енген. Ал, араб тіліндегі «дін» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Жалпы, Құран мен сүннетте дін сөзі көптеген мағыналарда қолданылған. Лингвистер араб тілінде дін сөзінің мынадай мағыналары бар деп көрсетеді:

1) Дін – есеп беру деген мағынаны білдіреді. Жұмырбасты пенде илаһи тұрғыда толғауы тоқсан сынақ әлемде бағын сынайтындықтан кәмілетке толғаннан жан тәсілім еткенге дейінгі аралықта кешкен күйбең тірлігі үшін қиямет күні Ұлы Жаратушының құзырында есеп береді. Бұл туралы Құран-Кәрімнің Фатиха сүресінде есеп күнінің Патшасы деп ескертілген. Осы аятта дін сөзі жаза немесе сый-кәдемен қамтамасыз етуші мағынасында айтылған. Яғни, Ұлы Жаратушы пенделерінің жасаған ізгі және теріс амалдарының қарымтасын қайтарады.

2) Дін – түбірі ад-даййан, яғни Қадыр (Өте Құдыретті), Хаким (бүкіл қозғалыстар мен іс-әрекеттерге хикметпен үкім етуші), Қаһар (аса қаһарлы) мағыналарын береді. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.у) өз хадистерінде «таддуни» немесе «даййан» сөзін теңдесі жоқ ұлылық мағынасында қолданған.

 3) Дін – динту ләху деген сөзден шығады.  Ал, араб тілінде динту ләху бұйырық пен тыйымға мойынсұну мағынасын береді. Яғни, динту ләху – илаһи үкімдерді басшылыққа ала отырып, шариғатқа сай өмір сүру деген сөз.

4) Араб тілінде дін сөзі адат немесе хал деген мағыналарды білдіреді. Мысалы, арабтар: Дийни уа дәйдани дейді. Мағынасы бұл менің әдетім деген сөз. Бұл жердегі әдет немесе жағдай сөзінде діни ғұрыптар мен бастан кешкен илаһи хал меңзелген.

5) Дін – құлшылық етушілік Ұлы Жаратушының пенделерінен талап етер ақысы деген мағына береді. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у) өз өсиеттерінде да наху дәйнан яғни, «Ол бағындырып, өзіне құл етті» деген сөзді қолданған.

6) Дін – басқару немесе заң мағыналарын береді. Бұл жөнінде Құранның Жүсіп сүресінің 76 аятында «…Өйткені, Алла қаламаса патша дінінде туысын алып қала алмас еді» деп айтылады. Аталмыш аяттағы «дін» сөзі заң мағынасында берілген. Сондай-ақ, араб тіліндегі динтуһу адийнуху динан сөзі «оны басқардым» деген мағынаны береді [2].

Негізінде, Құрандағы дін сөзі сену және мойынсұну мағынасында айтылған. Адам баласы мына өмірге қайдан келдім, не үшін өмір сүрудемін, қайда барамын, өмірдің ақиқаты не деген маңызды сұрақтарға тылсымнан келген илаһи хабарлар арқылы жауап ала алады. Яғни, Ұлы Жаратушыға сеніп һәм мойынсұнумен бұл сұрақтардың жауабына көз жеткізе алады.

Еуропа елдеріні дін сөзінің орнына қолданатын религия сөзі латын тіліндегі religare сөзінен шыққан. Религия сөзінің анықтамасы дін сөзінің анықтамасымен пара-пар [3].

Дін нендей мәселелерді реттеуге бағытталған дегенге келетін болсақ, У.Зухайлдың көзқарасынша дін мынадай қатынастарды реттейді:

1) Адамның Раббысымен қатынасы. Оған шариғаттың кәлам (сенім мәселелері) ғибадат (құлшылықтар) бөлімімен фиқһтағы (мұсылман құқығы) Алланың құқығы мәселелері жатады.

2) Адамның жеке басымен қатынасы. Оған мінез-құлық пен ішкі танымды реттейтін ислам әдебі мен ислам психологиясы кіреді.

3) Адамның қоғаммен қарым-қатынасы. Оған фиқһ іліміндегі Муамалат (мұсылман құқығындағы қоғамдық қатынастарды реттеу) және ахуал шаһсия саласы жатады [4, б. 22-23].

Сонымен, дін дегеніміз – Жаббар Хақты танытып, күллі тіршілік заңдылықтарын қамтитын һәм таратып, тарқатып түсіндіріп беретін илаһи құндылықтар жүйесі. Яғни, дін көптеген мәселені қамтитындықтан, оның мемлекетпен байланысы болмауы мүмкін емес. Әрі бұл қадым заманнан тайталасып келе жатқан мәселе.

Мемлекеттің анықтамасына келер болсақ, мемлекет дегеніміз – белгілі бір аймақты құрап, сол территориядағы тұрғындардың емін-еркін өмір сүріп, өркендеуіне жағдай жасайтын, қоғамдағы орын алатын әртүрлі жағдайларда ортақ мәселелерді шешуге тиісте деңгейде басқарудың жоғарғы деңгейіндегі құрылған саяси жүйе, жоғары саяси билік ұйымы болып табылады. Тәуеліздікке, заңмен бекітілген күшпен билік жүргізуге, дара билікке ие, сондай-ақ, мемлекеттік басқаруды белгіленген тетіктер арқылы іске асыратын қоғамдық ортадағы басқарудың айқындалған тұрпаты, саяси билік жүйесінің орталықтандырылған көрінісі [5].

Мемлекеттің шығуына мынадай факторлар әсер еткен:

а) әлеуметтік феномен;

б) политикалық феномен;

в) саяси ұйым ретінде, яғни бірлігі мен бірізділігі, өзінің бөлшектері  және тиісті көзделген межеге қол жеткізуге арналған салаларының болуы.

Алғашқы қауымдық қоғамнан билік органдарынан мемлекетті мыналар айырып тұрады:

–             Саяси биліктің көпшілікке негізделуі. Негізінен, қалың бұқараға, яки  қоғамдағы барлық қауымдастықтың ықпалы ескерілген, алайда, бұл жағдайда мемлекеттік билік ерекше мәнге ие болады. Нақты тәжірибеде жоғары саяси ұйым өзінің нысанынан (қоғамнан) өзіне тиесілі дербес функцияларға басқаруды қолданатын атқарушы субъект ретінде (билік «принциптері» бойынша ұйымдастырылған) ұйымдасады. Әсілі, аталған жәйттің бәрі профессианалды жоғары саяси ұйымның әкімшілік жүйесіне байланысты. Алғашқы қоғамдық қоғамның күші өзін-өзі басқару қағидаты бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ол сол қоғамның ішінде орнады. Яғни субъектінің билігі. Ол нақты қоғамдық сұранысқа сай қалыптасты. Ф.Энгельс айтпақшы тайпа басшысы «қоғамның ішінде тұр», ал патшалар мен өзге жоғары саяси ұйым басшылары болса, «еркінен тыс бірдеңенің тысында, сондай-ақ, оның үстінде деп ойлауға тырысқан». Яғни, жоғары саяси ұйымның басты қағидасы ретінде – қалың бұқараның әкімшілік жүйесі болып саналады. Жоғары саяси ұйым аталған атрибуты тұрғысынан қалың бұқараны басқарушы саяси жүйе ретінде көрініс береді.

– тайпалық қауымдастық кезінде индивидтер өздерін басқаруға бейімді болды. Генеологиялық жақындық атрибуттары тұрғысынан ұйымдасқан. Жоғары саяси ұйым қалыптасқан ортада халыққа төтесінен билік орнайды. Сондай-ақ, қоғамдық үдерістер пайда болады. Бұл мәселелер тиісті территорияға (жоғары саяси ұйым аумағы) ғана тән болып келеді.

–             индивидтер жоғары саяси ұйым билігінің, толықтай тиісті аймақтарды билейтін мемлекеттік мекемелердің басқаруына беріледі, өйткені олар бір мемлекеттің территориясында өмір сүреді. Яки жоғары саяси ұйымның билігі аймақтық қағида негізінде пайда болады. Аумағы болғанда ғана ол жоғары саяси ұйым болып саналады.

– жоғары саяси ұйымның қаражат көздерінің болуына орай оларға тиесілі мемлекеттік органдар – салық органы (қалың бұқараның өзі анықтаған басқару жүйесі арқылы азаматтардан алынған алым-салық, белгілі мерзім ішінде заңдық негізде халықтан алынады), сартқы және ішкі қаражат процессі, жоғары саяси ұйымның экономикалық функциясын суреттейді. Сондай-ақ, осы функцияны іске асырады. Маркстің теориясында көрсетілгендей «халықтан жиналатын алым-салықта жоғары саяси ұйымның өмір сүру экономикасы бейнеленеді». Деректерде бұл жөнінде мынадай көзқарастарды ұшырастыруға болады. Яки алым-салықтың «қоғамдағы салалардың мемлекеттік әкімшілік жүйесі, нақты табыс таппаған өнім өндіруге қатысы жоқтарды, қалың бұқара саяси басқарушыларды асыруға» қажеттігі. Әгерәки, мәселе осылай ғана болған болса, ел азаматтарынан алым  жинауды қажеттілік деп айтуға болады. Аталған мәселедегі басымдықты мына жәйттерге қарай аудару керек, яки алым-салық пен төлем – бұл жоғары саяси ұйым бюджетін қалыптастыратын қажетті құралдардың бірі болып табылады. Себебі, ол жоғары саяси ұйымның өмір сүруінің қаражаттық тірегі. Аталған жәйтті нақты қызмет арқылы іске асырудың эконмикалық мүмкіндігі. Сондай-ақ, жоғары саяси ұйым әкімшілігін ұстап тұру үшін бюджеттік шығыстың бір бөлігі деп есептеледі [6, б. 150-151].

Мемлекетті Еуропа халықтары state деп атайды. Мемлекеттің саяси биліктің институционализациялау тұрғысынан, жалпыға бірдей сипаты бар екені айқын. Бұл тұрғыдан алғанымызда, мемлекет тарихтың алғашқы кезеңдерінен бастап әр қоғам үшін өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен қатар, саяси биліктің табиғаты, функциялары, формалары және моральдық шектеулерді әрқашан жергілікті халықтың мәдениетінің ерекшеліктерімен байланысты болды. Бүгінгі таңда мемлекет мағынасының тарихи және тұжырымдамалық тұрғыдан мәдениетке тәуелді ерекшелігі, ислам дінін ұстанушы қоғамда интерпретацияның нәтижесінде пайда болған. Ұлт пен мемлекет феномені халықаралық жүйенің элементі ретінде әмбебап сипатқа ие болғанымен, әр ұлт пен оның құрылымның саяси мәдениетін қалыптастыруда, тарихи теориялық негіздері арасындағы үйлесімділік мәселесі жалғасын табуда. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекетті әртүрлі саяси мәдениетке және моральға негізделген ислам өркениетінің жинақталуы шеңбері теориялық және тарихи, әлеуметтік тәжірибе ретінде түсінуге тырысу, қабылдаудың күрделі проблемасын туғызды [6, б. 168].

Жалпы, мемлекеттік институт тарихтың әр кезеңіндегі қоғамдық дамумен бірге жетіліп, өркендеп отырды. Әсіресе, мемлекеттік басқару типологиясы алғашқы қауымдық қоғам мен бүгінгі күн аралығында көптеген асулардан өтті. Негізінде, мемлекеттік басқару нысаны ең алдымен қоғамның кейпіне (типіне) тәуелді. Монархия қоғамның құлдырауы жағдайында пайда болды. Феодализм дәуірінде бұл басқарудың негізгі формасы болды. Буржуазиялық тұрпаттағы мемлекеттерде тек патшалық басқарудың атрибуттары ғана өмір сүрді. Сонымен қатар, монархия басқарудың бейімделгіш және өміршең формасы болды, сенуге болатын көптеген жағымды қасиеттерге ие болды және бүгінгі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтпады. Айталық, 1975 жылы испан халқы плебиситте патшалықтың орнауын қолдады. Қазіргі Ресей өзінің бұрынғы патшалық пиғылын жоғалтқан жоқ.

Тарихи тұрғыдан, монархияны ежелгі шығыс деспотизмге, азиялық өндіріс режиміне негізделген (Вавилон, Индия, Египет), антикалық дәуірдің құлдырауы (мысалы, ежелгі Рим монархиясы), феодалдық (ерте феодалдық, өкілді тап, абсолютті) деп бөліп қарастыруға негіз бар.

Монархтың биліктің толықтығы идеясына байланысты оны монархияның келесі түрлеріне бөлуге болады: абсолютті (құжіретті) және конституциялық (шекткеулі.

Абсолюттік патшалық (монархия) жоғары саяси ұйымды басқарудың обьектісі ретінде заңға сәйкес барлық жоғарғы мемлекеттік билікті – заң шығарушы, атқарушы, сот билігін алады. Мұндай мемлекетте парламент жоқ, халық сайлаған заң шығарушы орган жоқ; Монархтың билігін шектейтін конституциялық актілер жоқ. Абсолютті монархияның қазіргі үлгісі – Сауд Арабиясы. Ресей империясы көптеген жылдар бойы осындай монархияға ие болды (патша 1906 жылы заң қабылдағанға дейін). Абсолютті монархия авторитарлық режиммен сипатталады

Монархиядан айырмашылығы, басқарудың республикалық формасы бүгінде жиі кездеседі.

Республика (латынның «respublika» – барлық адамдардың қоғамдық ісі) – бұл жоғарғы мемлекеттік билікті белгілі бір уақыт аралығында халық сайлаған халық ұжымдық түрде жүзеге асыратын басқару формасы [6, б. 169].

Бауыржан ЕСМАХАН

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы

Дінтану ғылымдарының магистрі

___________________

1 Бұлұтай М.Ж. Ата баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? «Білім» баспасы. Алматы, 2000. 504 б.
2 TDV İslâm Ansiklopedisi. https://islamansiklopedisi.org.tr/din
3https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%B3%D0%B8%D1%8F
4 Prof. Dr. Vehbe Zuhaylı. Islam Fıkhı Ansıklopedısı. Cilt I. Zaman. Istambul- 1990. 551 s.
5 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. https://kk.wikipedia.org
6 Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының проблемалары. Алматы, 2006. 256 б.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.