Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Намаздың басқа құлшылықтардан ерекшелігі

0 1  555

Шынайы мұсылман өмірінде Алланың разылығын табу үшін барынша жанталасып сауапты істерді жасауға тырысады. Сол құлшылықтардың бір және бірегейі ол намаз. Алла Тағала Құрна кәрімде

 وما خلقت الجن والإنس إلا ليعبدون

«Адамзатты әрі жындарды өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым»[1].

Бұл аяттан Алланың құлдарын жаратудағы мақсаты өзіне құлшылық істеу екенін түсінеміз. Құлшылықтан мақсат Құранда Жаратушының әмірлерін орындап, тыйғанынан тыйылу. Осылай барынша тақулық қылып Алланың разылығына бөленуге тырысады.

  وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا

 «Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Және оған ойламаған жерден рызық береді»[2].

Құранда Алла баян еткендей әр бір құл Құдайдан шынайы қорқатын болса, намазын немесе кез келген құлшылығын Алланың әмірі, орындамасам азабы бар деп қорқып ол ғибадатын орындауға шынайы ниетімен тырысатын болса Алла Тағала құлына ол қыйындықтан шығатын бір мүмкіндік жаратынын анық айтты.

Осы жерде айта кеткіміз келетіні, құлшылық сөзінің қамтитын категориясы өте кең. Ендеше, шынайы көңіл бөліп, барынша қаза қылмауға тырысатын құлшылықтарының бірі – бес уақыт  намазы.

Сол сияқты Алла Тағала адам баласының мәңгілік зияннан құтылу үшін иманнан кейін салиқалы амал иесі болуының қажеттілігін көп қайталаған. Құлды Жаратқан иесінің ризалығына жеткізетін ғибадат бұлақтарының ең үлкені және ең маңыздысы сөзсіз бес уақыт намазы. Өйткені намаз – мәні әрі дәрежесі жағынан барлық ғибадаттардан жоғары. Пайғамбарымыз бір хадисінде құл қиямет күніде ең алдымен намазынан сұралатыны туралы айтып кеткен.

Сонымен қатар, намаз басқа құлшылықтардан ерекшелігі, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) миғражда Жәбрайыл (ғ.с.) періштесіз парыз етілінген сый еді. Соны мен қатар ол құлшылықты жасағанда артық әрекет жасалынбайды.

Ораза ұстаған адам және қажылық міндетін атқарушы сауда сата алады,  сатып та ала алады. Сол сияқты сөйлеуге де болады. Ал, намаз оқыған адам белгілі әрекеттен басқасын жасауға, сөйлеуге болмайды. Мүбада, бұларды істеп қойса намазы бұзылады.

Сапарға шыққан немесе ауырған адамғада Құранда Алла ораза ұстамауға рұқсат еткен болса намазға ондай жеңілдік жоқ тек қана тұрып оқи алмаса отыры, отырып оқи алмаса жатып оқуға рұқсат еткен.

 Жоғарыдағы айтылғандардың барлығы біздер үшін намаздың қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

 Намаз құлды арсыздықпен жамандықтан қорғайды. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді.

إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَىٰ عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنكَرِ ۗ وَلَذِكْرُ اللَّهِ أَكْبَرُ

«Күдіксіз намаз; арсыздықтан жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу аса ірі нәрсе[3]».

Міне, қазіргі қоғамдағы намаз оқыған адам жағымсыз әрекет жасамайды, жаман сөз сөйлемейді деген түсінікте осы аяттан алынған болу керек. Алла Тағала арсыздықтан сақтанған, жамандықтан аулақ болған, әр бір құлшылығына мұқият болған құлдардан болуды нәсіп етсін.

Серікбол ХАМАН

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

[1] «Зарият» сүресі, 56-аят.

[2] «Талақ» сүресі, 2-3 аят.

[3] «Ғанкабут» сүресі, 45-аят.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.