Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Серікбол Хасан – ақпарат саласының үздігі

0 872

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Еліміздің ақпарат саласына елеулі үлес қосып, табанды еңбек етіп жүрген бірқатар журналист Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Вице-министр Кемелбек Ойшыбаев арнайы марапаттаған журналистер қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы – «Munara» газетінің бас редакторы, «Ғаламтор секторының» меңгерушісі, танымал журналист, балалар ақыны Серікбол Хасан да бар.

Табаны күректей он бес жылдан бері еліміздің ақпарат саласында қызмет етіп, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған әріптесімізді шын жүректен құттықтап, отбасына амандық, деніне саулық, еңбегіне береке тілейміз!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.