Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жақында болатын қуаныш

0 1  129

Дүниенің қиыншылығы қанша көбейсе де, түрленсе де  ол  мәңгілік  жалғаса  бермейді.  Қиыншылықтың уақыты,  қуаныштың  уақытынан  көп  болмайды.

Ауыртпалықтың уақыты жеңілдіктің уақытынан артық емес. Қиналып төрт жыл оқуың қырық жылға жетеді.

Ал жетпіс жылдық бұл дүние өмірінде сабыр еткен жан жаннатқа кіріп, мәнгілік рахат өмір сүреді. Құранда «ауыртпалықтан  кейін  жеңілдік  бар»  деген.

Басқа келген бәлені көріп, одан да қиынына ұшыраған жан-дарды еске алу және бұл келген қиындықтар, күнәнің кешірілуіне себеп деп білу үлкен сауапқа кенелудің ең төте жолы. Бұл жайлы Құранда:

إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ

«Шын мәнінде сабыр етушілердің сыйлықтары есепсіз беріледі» делінеді («Зүмәр» сүресі, 10-аят).

Олай  болса,  кішкене  ауыртпалыққа,  қиындыққа түңілмейік, мұның барлығы өткінші екеніне сенейік.

Адамдардың ең бақыттысы бұл өмірдің кемшіліктерін толықтыруға тырысқан емес, ақыретін ойлаған адам.

Алла тағала аманаттаған нәрсесін қолыңнан қайта алғанда сабыр сақтап, үмітсіздікке түспесең, орнына одан  әлдеқайда  қайырлысын  нәсіп  етеді.  Бұл  жайында  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  хадистерінде  бы-лай делінген: «Екі көзінінен айырылған адам сабыр сақтаса, қарымына жаннатты сыйлаймын» (Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал).

Басыңа бейнет келсе өкінбе, расында оны тағдырыңа жазған Алланың өзі. Оның құзырында жаннат әрі зор сауап бар. Сынаққа тап болып, басына қиыншылық келген Алланың жақын құлдары үшін фирдаус жаннаты сыйға тартылатыны мына аятта меңзеледі:

سَلَامٌ عَلَيْكُم بِمَا صَبَرْتُمْ ۚ فَنِعْمَ عُقْبَى الدَّارِ

«Сабыр еткендіктерің үшін, Алланың ғажап сыйы сендерге болсын! Ақыреттегі орындарың қандай жақсы» дейді («Рағыд» сүресі, 24-аят).

Сондықтан біз қандай да бір қиыншылық бол-масын оның артында зор сауап әрі қайыр бар екенін білуіміз керек.

Бір данышпан былай деген екен:

«Кім төрт нәрсемен мақтанса, опық жейтін болады: Мына өмірмен мақтанса, ажал жастығына бас қойғанда өкінетін болады. Зәулім сарайымен мақтанса, тар  көрге  кіргенде  өзегі  өртенеді.  Байлығымен мақтанса,  есепке  тартылғанда  өкінетін  болады. Күнәлі істерімен мақтанса, тозақ отымен бетпе-бет келгенде өкіретін болады».

Расында өмір қамшының сабындай ғана, ондағы қазына түкке тұрғысыз дүние, ал ақырет жұрты қайырлы әрі мәңгілік. Кім бұл дүниеде қиындық көрсе, ол жақта сыйлық  бар.  Кім  бұл  дүниеде  шаршаса,  ақыретте рахатқа  бөленеді.

Енді  кім  дүниеге  байланып,  оған ғашық болып, жүрегі сол дүниенің кесірінен семіріп, тас боп қатқан болса, ақыреттегі несібесінен мақұрым қалады. Ал мұндай жандар бастарына бір қиыншылық келсе, байбалам салады. Өйткені олар алысқа қарап ақыретті ойламайды.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.