Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

871 уағыз-насихат, 53 сұхбат жүргізілді (ФОТО)

0 1  438

5 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Биыл ҚМДБ жеті негізгі бағыт бойынша жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Соның екінші бағыты – уағыз-насихат жұмыстары, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Қазіргі таңда елімізде эпидемиялогиялық жағдайдың толық тұрақталмауына байланысты кейбір мешіттерде айтылатын жұма уағыздар, бесін және ақшам уағыздары уақытша тоқтап тұр. Дегенмен өңірлердегі ЖАНТ мүшелері мен мешіт имамдары уағыз-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілерде жан-жақты жүргізіп келеді.

Сонымен қатар ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшелері де әлеуметтік желілерде «Рияду әс-салихин», «Мукашафату әл-қулубу», «Әш-Шәмәилу әл-Мухуаммадия», «Мухтасару әл-қудури», «Сәфуату әт-тафасиру» сынды классикалық кітаптар бойынша уағыз-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді.

Атап айтар болсақ, қаңтар айы бойынша әлеуметтік желілерде 871 уағыз-насихат, 53 сұхбат жүргізілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.