Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшісі Берік Арынмен кездесті. Кездесуге наиб мүфти Ершат Оңғар қатысты.
Басқосуда Берік Сақбайұлы әлемдегі пандемиялық жағдайға байланысты Сауд Арабия Корольдігі Қажылық министрлігінің қабылдаған шешімдері мен қаулылары туралы Бас мүфтиді хабардар етті. Сонымен қатар пандемиялық жағдай кезінде қажылық сапарын ұйымдастыруға қатысты бірқатар тәртіп пен талапты атап өтті.
Екіжақты кездесуде Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінде қабылданған қарарлар мен игі бастамалардың маңызы талқыланды. Сондай-ақ Бас мүфтидің қажылық мәселесі бойынша Сауд Арабия Корольдігінде өтетін екіжақты ресми кездесуі, келісім аясында қабылданатан құжаттардың мазмұны пысықталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі мұсылман жамағатының қажылық сапарын ұйымдастыру бойынша Діни басқарма жанындағы Қажылық миссиясының ұйымдастыру-үйлестіру іс-шараларына елшілік тарапынан қолдау көрсетілетініне сенім білдірді. Өз кезегінде Берік Сақбайұлы елшілік тарапынан Діни басқарманың игі бастамаларына қолдау көрсету жұмыстары жалғаса беретінін айрықша атап өтті.
muftyat.kz