Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

РАНТ мүшесі Қызылжар өңірінде

0 1  101

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Хамзат Қажымұратұлы іс-сапармен Солтүстік Қазақстан өңірінде болды.

Аталған іс-сапардың алғашқы күнінде өңірдегі дін мәселесіне жауапты тұлғалармен, сонымен қатар аймақтық түсіндіру топ мүшелерімен, Дін істері басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, «Жат ағымдар несімен тартымды?»,  «Жат ағымдардың жастарды арбау тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

Бас имам сонымен қатар, Заречное кентіндегі ЕС-164/3 абақтысында болып, сотталған азаматтармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жазасын өтеушілер дін тақырыбында толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жеке өтініштерін білдірді.

Жергілікті арналарға жұмыс сапарының мақсаттары, ҚМДБ-ның жат ағымдардың алдын алу бағытында жасап жатқан кешенді жұмыстары жайында баяндады.

Жұмыс сапарының екінші күні Хамзат Қажымұратұлы СҚО, Ғабит Мүсірепов ауданының жамағатымен кездесіп, жұма намазында уағыз айтты.

Елімізде жалпы әлемде жат ағым қаупі біраз деңгейде азайғанымен, олармен күрес тоқтамады, бұл ауқымды жұмыстар болашақта да жалғасын табады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.