Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран және ғылым: Құрсаққа ілініп тұратын ет

0 940

Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы сәбидің даму кезеңдері туралы әлі көптеген деректерге қанығамыз.

Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе бастайды да, бір түйір етке ұқсайды.

Алайда, зиготаның бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік туады. Талайды таң қалдырған бұл ақиқат Құран аятында былайша баяндалады:

«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нәрседен (жатырға жабысқан клеткадан (Негізінде жалпы тәпсіршілер «алақ» сөзін ұйыған қан пішінінде көрінетін  ұрықтандырылған  клетканы  айтады.  Бірақ  кейбір кейінгі тәпсіршілер алақ сөзін жоғарыда айтылған жабысқан клетка мағынасына да келетінін айтады) жаратты» (« Алақ» сүресі/1-3).

«Әлақ» сөзі араб тілінде – ұйыған қан және бір жерге жабысып, ілініп тұрған нәрсе деген мағынаны білдіреді.

«Имани гүл» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.