Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Антын бұзған кісі былай істейді екен

0 1  110

Алла атымен бір нәрсе үшін ант етіп, кейін осы антын бұзған адамға кәффарат керек. Бұл – бір құлды азат ету немесе он жоқ-жітіктің бір күндік азығын беру немесе он жоқ-жітікті орташа киіммен киіндіру.

Егер де бұлардың ешбіріне күші жетпесе, үш күн қатар ораза ұстау керек. Оразасын толық ұстай алмаған кезде қайта басынан ұстау керек. Құранда:

«Алла анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды. Алайда, біле тұра берген анттарыңнан жауапкер етер. (Ант бұзсаңдар) оның төлеуі: Үй-іштеріңе орта есеппен жегізетін он жарлыны тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу үш күн ораза ұстау»(Маида. 5/89), – делінген.

Ант кәффараты үшін он кедейге пітір садақасы өлшемінде бір нәрселер беруге болатыны сияқты, бір кедейге он күн беруге де болады. Сонымен қатар, бір кедейге он күн киім беруге де болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір нәрсе үшін ант етіп, кейін одан жақсысын көрсе, антын бұзып, кәффарат берсін» (Муслим, Иман, 15-16).

«Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.