Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тәңір ақысы

0 943

Барлық мақтау мен мадақ бүкіл әлемдердің Жаратушысы Аллаға болсын. Оның игілігі мен сәлемі екі дүниенің сардары, адамзаттың ардақтысы, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және де қияметке дейін оның артынан ізгілікте еруші үмметіне болғай!

Көршілер отбасымыздан кейінгі әлеуметтік өмірдің келесі шеңбері болғандықтан, әр дін мен мәдениет аясында оларға қатысты белгілі-бір ережелер бар. Ислам діні бойынша да көршілер көптеген құқықтарға ие.

Осы тақырыпқа қатысты Қасиетті Құранда:

«Бір Аллаға құлшылық жасап, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, (елінен жырақта жүрген) мұқтаж жолаушыға жақсылық жасаңдар» («ан-Ниса» сүресі, 36 аят), деп келеді.

Алла елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде:

Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта: «Маған Жебірейіл періштенің көрші ақысытуралы көп өсиет айтқандығы соншалықты мен көршіммұрагеріме айналатын шығар деп ойладым», – деп айтқан.

Айша анамыз (р.а.): «Уа,Расулалла (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! Менің екі көршім бар, сыйды соныңқайсысына берейін?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі(с.ғ.с.): «Есігі ең жақын орналасқанына», – деп жауапберген.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта: «Кімде-кім Аллаға және ақыреткүніне сенген болса көршісін еш зарар бермесін», – деп ескерткен.

Жоғарыда келтірілген аят пен хадистердің мағынасына терең бойлап, жете түсінген ата-бабаларымыз: «Көрші ақысы – Тәңір ақысы», «Көрші қолайлы болса, қора кең», «Сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла,Үй салмас бұрын көршіңді ойла», «Отты түрте берсең, өшеді,Көршіні түрте берсең, көшеді» және өзге де мақал-мәтелдерді шығарған.

Бірде Саид ибн әл-Астың көршісі үйін сатпақ болып, бір кісімен жүз мың дирхемге келісіпті. Сатып алушы келген кезде: «Жүз мың – бұл үйімнің бағасы. Ал Саидпен көрші болу үшін қанша ақша бересің», деп сұрапты.

Бұл туралы Саид ибн әл-Ас естіген кезде көршісіне жүз мың дирхем жіберіп, ешқайда көшпеуін өтініпті.

Имам аз-Захабий (Алла оны рақымына бөлесін) келесі бір оқиға туралы баяндайды:

Абу Хамза ас-Суккарийдің көршісі өз үйін сатпақ болып, бағасы туралы сұрағандарға: «Екі мың үй үшін, екі мың Абу Хамзамен көршілік үшін», деп жауап беріпті.

Абу Хамза бұл сөзді естісімен оның қолына төрт мыңды ұстатып: «Өз үйіңді сатпа», деп айтыпты.

Көріп отырғанымыздай ізгі, жақсы адаммен көрші болу өте үлкен бақыт. Қазақ осындай кезде «Жақсы көрші тапқаның. Мол олжаға батқаның» дейді.

Әділ Агитаев

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.