Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Халел: Ислам дүниесіне қосылып із-түзсіз сіңісіп кететін элемент емес

0 814

Алаштың ардақты перзенті Халел Досмұхамедұлының білім, ел тағдыры, тіл мәселесі, мәдениет, дін тақырыбында айтқан сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Білім алуға көп еңбек, аса сабыр керек. Білім алудың жолы көп. Ең көптігі – жақсы мектеп, білімді мұғалім. Мұнан қалса көпке түсінікті жазылған білім кітаптары.

*******               *******               *******

Заманымыз – мәдениет заманы, мәдениетке білім жеткізеді. Білім мысқалдап кіреді, білімді болу үшін сарғаю керек.

*******               *******               *******

Еңбексіз білім жоқ. Еңбексіз елді ағартып, тездеп мәдениетті қыламын деген ой – ақылдан ауысқандық.

*******               *******               *******

Оңаша жүрген елдің өз еркімен тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.

*******               *******               *******

Түркі қауымы ислам дүниесіне қосылып із-түзсіз сіңісіп кететін элемент емес, өз елінің жоғары мәдениетімен тәрбиеленіп келген ел. Түркі қауымы Иран, Жүһүт мәдениетіне қарсы бір мәдениет. *******               *******               *******

Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.

*******               *******               *******

Біз ұйымды есеп үшін құрмаймыз, елдің мәдени-ағарту жағдайын титтей де болса ілгерілете ме деп құрамыз.

*******               *******               *******

Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.

*******               *******               *******

Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді. Мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзымай қалмайды.

*******               *******               *******

Қазақ баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап, кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән, жырдың құшағында өтеді. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың басты орынға шығуы, сірә, халық әдебиеті мен халық әндерінің кең тарап дамуы, оның тәрбие құралы болуы себеп болса керек.

*******               *******               *******

Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады.

*******               *******               *******

Тілдің қорықшысы – қара халық.

«Алаш айтқан асыл сөз» кітабынан.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.