Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітте мерекелік шара өтті

0 686

Наурыз мерекесіне орай «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ұлттық мерекенің мазмұнын асыру үшін жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.

Жұма намазына жиналған жамағат арасында қол күресі, гір көтеру, арқан тарту, қой көтеру сияқты аталымдар бойынша ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға мешіт тарапынан бағалы сыйлық берілді.

Жұма намазынан соң мешіт ауласында бас қосқан жамағат арасында ләңгі тебу, бұқа тартыс, гір көтеру және қол күрестіру ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді.

Мешіт ауласындағы мерекелік шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов қатысып, жамағатты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Жиылған жұртшылыққа мерекелік ас таратылды. Арнайы тапсырыспен басылған палау таратылып, мерекелік шараның мәнін асыра түсті.

Ұлыстың ұлы күніне орайластырылған шарада салт-дәстүріміз ұлықталып, дастархан басында домбырамен әннен шашу шашылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.