Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Хатым Құран басталды

0 874

Он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының басталуына орай ел мешіттерінде тарауық намазы басталды.

Биылғы Рамазан айының бір өзгешелігі жылдағыдай карантиндік шектеу шараларынан ада, мешіттерде дәстүрлі тарауық намазының жамағатпен оқыла бастауы.

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде тарауық намазы оқылып, қаридың оқуымен қасиетті Құран хатым басталды.

Бас имам Руслан Байзақов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, қариларды жұртшылыққа таныстырды.

Бүгінгі тарауық намазының алғашқы күнінде мешітіміздің ұстазы Хадршаев Салман қари, әлемдік қарилар жарысының жеңімпазы Шохан Уәлиев қари және “Садуакас қажы Ғылмани” мешітінің төл шәкірті Шалғынбай Рамазан қарилардың оқуында І пара оқылды.

Айта кетейік, Шохан Нұралиұлы Уәлиев 1996 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында дүниеге келген. “Нұр – Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі. Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Құран жарыста алғашқы 10 үздік қарилардың қатарына енген. Стамбулда өткен әлемдік Құран жарысының 2-орын иегері.

Осылайша, білікті қарилар ай бойы жамағаттың алдында имамдыққа шығып, тарауық намазында хатым оқитын болады.




Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.