Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қадір түнінде тілкелей эфир ұсынады

0 617

Мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады.

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен ұсынылатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

22:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.