Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкірттердің ІІ легі Құранға түсті

0 655

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде сауат ашу курсы шәкірттерінің ІІ легі Құран әліппесі мен тәжуидті тамамдады.

Жыл басында сауат ашу жұмыстарының жаңа маусымы ашылған болатын. Міне, содан бері Қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсының жұмыстары да жандана түсті.

Мешітіміздің Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Айгүл Көксегеннің алдынан білім алып келген 30 шәкірт Құран әліппесі мен тәжуид ілімін тәмамдап, қасиетті Құранға түсті.

Осыған орай мешітте “Құран – нұрдан тәж” атты арнайы рухани шара өтті.

Мешіт ұстазы Серікбол Хаман арнайы тақырыпта уағыз айтып, Құранның маңызы мен мәнін түсіндіріп, шәкірттерді жетістіктерімен құттықтады.

Шара аясында шәкірттерге арнайы сыйлықтармен қоса, Құран Кәрім кітабы тарту етілді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін курстың бірінші легінде 42 шәкірт Құранға түскен еді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.